Алматыға 26 млн теңгеге шақырту алған блогерлерге қатысты Ілияс Өсеров түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров онлайн брифинг барысында мегаполиске 26 млн теңгеге шақырылатын шетелдік блогерлерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, бұған қоғам қатты алаңдайтын сияқты. Шын мәнінде, бұл имидж көтеретін шара деп айта алмаймын. Десекте, пандемияға қарамастан біз туризмді, креативті экономиканы және IT саласын дамытуымыз керек. Сондықтан, туристік әлеуетті дамыту шеңберінде бұл қаражат шетелдік блогерлерді шақыру үшін қарастырылған. 26 млн теңгені жұмсай отырып, біз жақсы негіз құра аламыз. Сонымен қатар, мультипликативті әсер ететін туристерді шақыра аламыз деп ойлаймын «, - деп жауап берді ол.

Бұған дейін, қалалық туризм басқармасы Алматыға 26 миллион теңгеге шетелдік блогерлер шақырылатыны туралы мәлім еткен.

Мақсат - қаланың халықаралық және ішкі нарықтардағы брендтерін әлемге таныту.


Соңғы жаңалықтар