Алматыдан 796 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні Алматы уақытымен 16 сағат 10 минут 57 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 796 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12. MPV магнитудасы – 5,5. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар