Алматыдан 616 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 18 сәуірде Алматы уақытымен 07 сағат 27 минут 59 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 616 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.8. MPV тербелісі - 4.4, ошағының тереңдігі - 15 км.

Дүмпу Алматы қаласында сезілмеді.

Еске сала кетейік, кеше Алматыдан 433 шақырым қашықтықта жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар