Алматыдан 613 км жерде жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 10 мамыр күні Алматы уақытымен 7 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 613 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8, магнитудасы – 4,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Соңғы жаңалықтар