Алматыдан 429 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 3 сәуірде Алматы уақытымен 14 сағат 14 минут 41 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 429 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 12.3. MPV магнитудасы - 5. Ошағының бағыты - 39.83° с.е. 74.41° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ», - деп хабарлады СТӘЭ. 

Соңғы жаңалықтар