Алматыдан 407 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 ақпанда Алматы уақыты бойынша 3 сағат 36 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсмологтер хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 407 шақырымда, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.8. MPV магнитудасы 4.9. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.


Соңғы жаңалықтар