Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді
16:06, 27 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсмикалық стансалар желісі 27 маусым күні 14 сағат 22 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.4.
Mагнитудасы -5,3.
Тереңдігі - 30 км.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.