Алматыдан 320 км жерде жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 27 маусым Алматы уақытымен 09 сағат 17 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2020 жылдың 27 маусымында Алматы уақытымен 09 сағат 17 минутта 00 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,2.

MPV тербелісі – 4,1.

Тереңдігі – 15 шақырым.

Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Соңғы жаңалықтар