Алматыдан 310 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 қарашада Алматы уақытымен 21:50- де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 310 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар