Алматыдан 276 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 3 шілде күні 8 сағат 26 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9. Mагнитудасы -4,5. Тереңдігі - 10км. МSК-78 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.


Фото: flashcrunch.com



Соңғы жаңалықтар