Алматыдан 242 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні сағат 9:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 км қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.3. MPV магнитудасы - 5.6. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 бағаны бойынша) түскен жоқ.


Соңғы жаңалықтар