Алматыдан 170 шақырым қашықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23 сағат 47 мин 04 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 170 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.7. MPV тербелісі– 3.5. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар