Алматыдан 166 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 қазан күні Алматы уақытымен 21 сағат 31 минут 23 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 166 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 20 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар