Алматыдан 155 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 22 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 07 сағат 34 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғыстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 155 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.5. MPV тербелісі – 3.9. Тереңдігі – 15 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер дұмпуі Алматыда сезілмеді.


Соңғы жаңалықтар