Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қыркүйек күні cағат 12:31-де (Гринвич бойынша 06:31-де) жер сілкінісін тіркеді», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.1. MPV магнитудасы – 3.9. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты – 42.15° с.е. 76.49° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар