09:50, 27 Шілде 2021 | GMT +6
Алматыдан 110 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 шілде күні Алматыдан шығысқа қарай 110 шақырым қашықтықта Алматы уақыты бойынша 7 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 110 шақырым қашықтықта, Қазақстан шекарасында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 8.3.
MPV магнитудасы – 3.6.
Координаттары: 43.01° с.е. 78.24° ш.б.
Тереңдігі – 10 шақырым
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.