Алматыдағы зираттарға 11 мамырдан бастап баруға рұқсат етілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы зираттар 11 мамырдан бастап көпшілік үшін ашық болады. Бұл ақпаратты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, 11 мамырда қаладағы зираттар көпшілікке үшін ашық болады, - деп жауап берді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін, Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болатынын мәлім еткен еді.

«Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз», - деген болатын Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, биыл ата-ана күні 11 мамырға сәйкес келеді. Бұл қайтыс болғандарды еске алу күні. Бұл рәсім Пасхадан кейін атап өтіледі.


Соңғы жаңалықтар