Алматыдағы жасырын казиноның қызметкерлері мен клиенттері жазаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы жасырын казино қызметкерлері де, клиенттері де жазаланды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаменттері ҚР Ұлттық гвардияның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, елдегі төтенше жағдай кезінде және қаладағы карантин режимі уақытында осы жылғы наурыз айынан бастап жұмыс істеген ойын мекемесінің заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді. Аталған жедел-іздестіру іс-шарасы 2020 жылы сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні өткізіліп, нәтижесінде ведомство қызметкерлері қаланың ортасында орналасқан әкімшілік ғимаратта келіуші мен персонал арасынан 30-дан астам адамды құмар ойындарына қатысқандығы үшін ұстады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, құмар ойындары өткізілетін орынға тек қана тұрақты клиенттер ғана өте алатын арнайы өткізу жүйесі орнатылған. Тінту іс-шаралары барысында ауданы 1 000 шаршы метрден асатын казинода покерге және америкалық рулеткаға арналған 6 ойын үстелі, көптеген карта мен фишка, сондай-ақ заңсыз қызметтен бір күнде түсетін ірі мөлшердегі ақша табылып, тәркіленген.

«Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. «Астыртын казиноның» барлық қатысушына төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ұсталған 18 тұлғаға қатысты соттың шешімімен 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау қолданылып, 6 тұлғаға қатысты жалпы сомасы 166 680 теңге, яғни, әрқайсысына 27 780 теңгеден айыппұл салынды», - деді Данияр Ақуан.


Соңғы жаңалықтар