Алматыдағы ұшақ апаты: Оқиға орнында қазір не болып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қызыл Ту ауылында Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Апаттан 4 адам қайтыс болып, 2 адам ауыр жарақат алды. ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнына барып, апат зардабын көріп қайтты.

Арнайы қызмет өкілдері журналистерді апат орнына аса жақындатпады.

Фотосуреттер апат орнынан 100 метр қашықтықта жасалды.

Ұшақ сынықтарының маңында полиция, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем көліктері тұр.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға орнында 10 жансақтау бригадасы, 45 адам, 15 ТЖД техникасы, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ құтқару жасағы, 109 қызметі жұмыс істеп жатыр.

Өрт 18.02 кезінде ауыздықталды.

Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңда құлаған. Ұшқыштар жерге қонуға тырысқан.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Кейіннен Алматы дәрігерлері ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы қалай екенін айтты.

Ұшақ апаты болған жерге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барып, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды.




Соңғы жаңалықтар