Алматыдағы Үміт үйінде 40 бала тәрбиеленіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен «Үміт үйі» Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа қалалық білім, қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, қалалық әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі инспекторы қатысты.

Жиын барысында жалғызбасты аналарға көмек көрсету шаралары қаралды. «Үміт үйі» осы уақытқа дейін 617 баланы тәрбиелеп шығарды.

Бүгінгі күні ұйымда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 6 топ бар. Онда 40 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін дене бітімі, психикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған.


Соңғы жаңалықтар