Алматыдағы шағынауданда қалыңдығы небәрі 6-7 см асфальт төселген – жемқорлықпен күрес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі көшелердің жөндеу жұмысының сапасы тексерілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықмен күрес қызметі ұйымдастырған тікелей эфирде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тұрғындар тарапынан көп шағым түскен жерлерді тексереміз. Біз Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметімен бірлесіп, 283 заңбұзушылықты анықтадық, енді бұл олқылықтардың орнын толтырамыз», - деді Превенция департаментінің басшысы Ләйла Йылдыз.

Еліміздегі бірқатар жолдың сапасы тексерілген.

«Түркістан облысы, Созақ ауданында кешенді мониторинг жүргізілді. Барлық учаскелер қажетті сапа деңгейінде болған жоқ. Шымкент қаласында А-2 автожолы және Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік айырығының оң жағын пайдалану бойынша мониторинг жүргізілді. Алматы қаласында Щаңырақ-2 шағынауданында жоба белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Төселген асфальттың қалыңдығы 6-7 см ғана болды. Талдықорған қаласының көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді», - дейді «Сапалы жол» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сырым Елубаев.

Оның айтуынша, жоғарыда айтылған олқылықтардың орны толтырылып, қалыпқа келтірілді.

«Сапалы жол» жобасы жемқорлық туралы ескертуге және осы саланы қоғамдық бақылаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Біз сараптама жасаумен де айналысамыз. Болашақта Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметімен бірге бірқатар бастаманы жүзеге асырмақпыз. Соның ішінде халықаралық стандарттарды ескере отырып нормативті техникалық база жасау. «Сапалы жол» жобасы бойынша конструктивті ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты ақпарат болса 1424 нөміріне хабарласып айтсаңыз болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар