18:22, 14 Маусым 2021 | GMT +6
Алматыдағы Рысқұлов даңғылы жабылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағыттағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Мобильділік басқармасы хабарлағандай, Рысқұлов даңғылы бойындағы (Жангелдин көшесінен Айша-Бибі көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағы) жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыруға байланысты 14 маусым кешкі сағат 20:00-ден 15 маусым таңғы сағат 6:00-ге дейін қозғалыс бөлігі ішінара жабылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлаулары тиіс. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.