+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:43
Бөлісіңіз:
Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төрт қабатты тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, пәтерде болған әйел мен еркек күйіп қалды Өскеменде түтіндеген пәтерде есінен танып қалған ер адам құтқарылды Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер Н. Назарбаев даңғылы 124 мекенжайында төрт қабатты үйден шыққан өртті оқшаулады.

Алдын ала болжам бойынша өрт 1500 шаршы метрді шарпыды.

Тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

«Өрт оқшауланды, үшінші, екінші, бірінші қабатты өрттен аман алып қалды. Сондай-ақ қазір үйінділерді алып тастау және су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақтан төрт жауынгер учаске құрылып, барлық периметр бойынша 14 әмбебап өрт сөндіру оқпандары енгізілді»,-деді қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, қызыл жалынды ауыздықтауға 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT