22:17, 26 Мамыр 2020 | GMT +6
Алматыдағы қонақүйде қызын ұрып өлтірген әкенің ісі сотқа жолданды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жасар қызын өлтірген шетелдік күдіктінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Іс қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, онда осы адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұған дейін, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған болатын.
Көп ұзамай қызын ұрып өлтірген әке қамауға алынды.
Кейін күдікті ер адам 41 жастағы Ұлыбритания азаматы екені анықталды.