Алматыдағы клиникалар 11,4 млрд теңгенің консультативті-диагностикалық қызметін көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2022 жылдың төрт айында алматылық клиникалар халыққа 11,4 млрд теңгеге КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық көмек түрлерін көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Консультативтік-диагностикалық қызмет ішінде әсіресе, компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, өткен 4 айда Алматы қаласында 38 215 КТ жасалып, оған 570,9 млн теңге бөлінді. Халыққа көрсетілген 28 156 МРТ қызметі үшін 407,3 млн теңге төленді. Сонымен қатар, қала бойынша онкологиялық ісікті анықтау мақсатында 2092 ПЭТ-диагностика қызметі көрсетіліп, оған 561,8 млн теңге төленді», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол қор жоғары технологиялық қызмет түрлеріне 8,4 млрд теңге, күндізгі стационар қызметіне – 2,3 млрд теңге бөлгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар