Алматыдағы кәсіпқой бокс кеші: Қазақстандықтар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 16 желтоқсан күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кеші қарсаңында қазақстандық боксшылар міндетті салмақ өлшеу процедурасынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, спортшыларымыздың барлығы салмақ бойынша лимиттен ауытқыған жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бокс кеші аясындағы екі айқас титулдық болады: Сұлтан Зәуірбек (8-0, 6КО) WBC-тің екінші жартылай орта салмақтағы вакантты «жастар» белдігі үшін қытайлық Лешан Лимен (16-3-2, 9КО) кездессе, Виктор Коточигов (10-0, 4КО) аргентиналық Хавьер Клаверомен (27-5, 5КО) жекпе-жекте WBC International нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы титулын қорғайды.

Сондай-ақ шоу барысында өзге 7 қазақстандықтың өнерін тамашалайтын боламыз. Барлығы келесі жұптар рингке шығады:

Рай Сейітжанов (1-0, 0КО) - грузиндік Гиорги Абуладзе (11-9-1, 4 КО), жеңіл салмақ;

Мирас-Әли Сәрсенов (1-0, 1 КО) - әзербайжандық Аскар Рагимов (3-3, 1 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Нұрдос Төлебай (1-0, 0КО) - әзербайжандық Рамиз Мамадов (1-0), бірінші жартылай орта салмақ; Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) — Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), аса жеңіл салмақ;

Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) — Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ;

Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) — Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), аса жеңіл салмақ;

Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) — Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ;

Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) — Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) — Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), екінші аса жеңіл салмақ.

Бокс кеші 16 желтоқсан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар