+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыдағы госпитальді салуға 5,5 млрд теңге жұмсалмақ

2020 жылғы 9 сәуір 14:13
Бөлісіңіз:
Алматыдағы госпитальді салуға 5,5 млрд теңге жұмсалмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа қарсы салынып жатқан жаңа госпитальдің құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінбек. Бұл ақпаратты жаңа нысан туралы ұйымдастырылған пресс-тур барысында BI Group Almaty компаниясының директоры Айдос Мұқатаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыдағы құрылыс жобасының құны 5,5 млрд теңге шамасында. Біз Openbook жүйесімен жұмыс жасаймыз. Онда барлық шығындар көрсетілетін болады. Қазір әлемдік аудиторлық компаниялардың қайсысымен жұмыс жасайтынымызды анықтап, келісімшарт жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаның өзіндік құнының аудиті мен операциялық бақылау қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді», - деді Айдос Мұқатаев.


Қазір Алматыдағы госпитальдің құрылысына 298 адам, 44 техника жұмылдырылған. Құрылыс қызған кезде жұмысшылар саны 500 адамнан асатын болады.

«Құрылысшыларға 600-700 орынға арнайы хостел жалдадық. Тамақтандыру үшін 10 шатыр дайындалды. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатырмыз», - деді жоба жетекшісі Арман Қабылхасов.


Құрылыс жұмыстарын 25 сәуірде аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетсек, мұның алдында құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, жаңа госпиталь Алатау ауданында бой көтереді. Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтау тапсырылды. Қала әкімі мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеген еді.

Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін мұндай нысандар Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT