Алматыдағы блокпосты бұзып өтпек болған 70 адам қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық сотында Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты 120 іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі елімізде жарияланған Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға қандай шара қолданылатынын айтты.

«26 наурыздағы жағдай бойынша, Алматы әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 120 әкімшілік іс қараған. Карантин аймағының шекарасын бұзбақ болған 111 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 70-і 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынса, 41 құқықбұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметінен.

Карантин мерзімінде кәсіпкерлікпен айналысқан 9 тұлғаның екеуі 5 тәулікке қамалса, қалған 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың ішінде «Восход» сауда үйі, «Эмиль» мейрамханасы, «Центр шашлыка» мейрамханасы, «Barbeque» дәмханасы, «Loto Club» ойын залы, «Мечта Маркет» ЖШС, «Genеsys» ойын клубы, «Ultimate» ойын клубы бар.

Айта кету керек, Алматыда 26 наурыздан бастап барлық ірілі ұсақты сауда орындарының жұмысына шектеу қойылды. Қалада тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмыс жасайтын болады.


Соңғы жаңалықтар