Алматыдағы блокпоста көлік апаты болып, полицей көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып өтіп, салдарынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өткен. Ол алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде екі полиция қызметкері отырған патруль көлігіне соқтығысқан», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Өкінішке орай, патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев, алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың жағдайы ауыр, қаладағы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жүргізуші қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар