Алматыдағы блок бекетке көлік соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Toyota жүргізушісі блок бекетті соғып өтті. Салдарынан бір полицей зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты бүгін сағат 15.00-де болған. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының 1970 жылғы тұрғыны «Toyota Ipsum» көлігімен келе жатып, Жаңа ғасыр көшесінің солтүстік бағытында № 4 бақылау-өткізу бекетіндегі металл турникет соғылған. Әрі қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жүргізуші тоқтап тұрған «Киа» маркалы полиция көлігімен бетпе-бет соқтығысып, содан кейін шетте тұрған «Лада Приора» мен «Тойота Камри» көлігіне соғылды. Салдарынан қызметтік көлікте отырған полицей Мереке Отарғазы зардап шекті. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Оның екі аяғы сынды», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі мәлімет бойынша, көлікте мас жүргізуші отырған.

«Болжам бойынша минивенді мас жүргізуші басқарған. Енді оның алкогольге немесе есірткіге мас болғандығын анықтау үшін медициналық тексерістен өтеді. Бекетте адам көп болғанымен, оқыс оқиғадан басқа ешкім зардап шеккен жоқ «, – деді Салтанат Әзірбек.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.


Соңғы жаңалықтар