+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматыдағы автосервисте 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді

2020 жылғы 27 қазан 15:15
Бөлісіңіз:
Алматыдағы автосервисте 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы отқа оранған автосервисте 9 көлік өртеніп, тағы 3 көлікке нұқсан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

Тілсіз жау бүгін М. Әуезов ауданындағы Ақсай 1 шағын ауданындағы техникалық қызмет көрсету орталығында тұтанған еді. Өрттің салдарынан нысанда қатты жарылыс болды.

Ангар типтес ғимараттың ішінен әрқайсысы екі 25 литрлік газ баллоны шығарылды.

«Ангарда 9 көлік тұрған. Барлығы өртеніп кетті. Жалыннан тағы 3 көлікке зақым келді», - деді ТЖД өкілі.

Газ түтіннен қорғау қызметінің мамандары жоғары температураға қарамастан өртті сөндіру үшін ішке кірген болатын. Оқиға орнында өртті сөндіруге 60 адам, 13 техника жұмылдырылды. Соның арқасында қызыл жалын 55 минутта ауыздықталды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT