Алматыдағы Әуезов музейі 25 жылдан кейін жөндеуден өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Әуезов музейі 25 жылдан кейін жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттың директоры Кенжехан Матыжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылы қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толады. Мерейтойға дайындық жұмыстары қазірден басталып кетті.

«Келесі жылы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы. Оған дайындық жұмыстары басталып кетті. Биыл жазушының музейін қайта жаңғыртудан өткізіп жатырмыз, сметалық жобаға сәйкес, республикалық бюджеттен 110 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Қазреставрация» РМК жүргізуде. Музей 25 жылдан кейін қайта қалпына келтірілуде. Құдай қаласа, келесі жылы жаңартылған муражайдың қабырғасында 125 жылдық мерейтойын атап өтеміз», - деді институт директоры Кенжехан Матыжанов.

Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі 1963 жылы 28 қарашада ашылды. Сол үйде жазушы өмірінің соңғы 10 жылында тұрған. Музей ұлы жазушының мұрасын жинақтап, насихаттау, шығармашылық өмір жолы мен қоғамдық қызметін, әдебиет саласындағы ізденістерін жан-жақты тану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Музейдегі экспонаттар 11 залға орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар