Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің артында 5 және 2 баласы қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданының Ақбұлақ ықшам ауданында болған атыста қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы толығырақ мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов баспасөз брифингінде атыс кезінде қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты.

«Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев 1982 жылы туған. Біздің департаментте 2003 жылдан бері қызмет етті. Жақында ғана Академияны бітіріп келген. Оның артында бес баласы қалды.
Ал Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған. Ол бізде 2014 жылдан бастап қызмет етті. Оның артында екі баласы қалды. Қаза тапқан екі қызметкеріміз де қызмет бабымен бірнеше рет марапатталған. Өз қызметтерінде ешқандай тәртіп бұзушылық жасамаған»,- деді брифинг барысында Қанат Таймерденов.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар