Алматыдағы атыс бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан жауап алынып жатыр. Мәліметтер анықталуда. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте жоқ»,- деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, ведомствоаралық жедел топ құрылды, алдағы уақытта тергеу нәтижелері бойынша полиция толық ақпарат беретін болады.
«Қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетіледі. Олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар»,- деді спикер.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын.
Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар