+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі

2021 жылғы 7 мамыр 12:20
Бөлісіңіз:
Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда 8,3 шақырым жылу желілері қалпына келтіріледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 2 млн-нан астам көшет отырғызылмақ Елорда маңындағы елді мекендерде қандай құрылыс салынады Қарағанды облысында жылу желілеріне қатысты мәселе шешіле бастады

Құрылыс жұмыстары қаладағы жылу желілері сынақтан өткеннен кейін басталады және қыркүйек айында аяқталады. Ескірген құбырлар жаңа және қызмет көрсету мерзімі 40 жылға арналған құбырлармен алмастырылады.

2021 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша және жергілікті бюджет шеңберінде магистральды құбырларды қайта құруға шамамен 5,3 млрд теңге бөлінді.

Алматыдағы инженерлік желілерді жаңартудың бас жоспарына сәйкес жылу магистральдарын қалпына келтіру жұмыстары мына аудандарда жүргізіледі:

Алатау ауданы:

- Бартоғай (Петров көшесінің қиылысынан Емцов көшесіне дейін);

- Беломорская (Петровский көшесінен Фадеева көшесіне дейін);

- Дубосековская (Т.Рысқұлов даңғылынан «Массагет» НС дейін);

- Райымбек (Үлкен Алматы өзенінің бойымен Бартоғай көшесіне дейін);

- Өскемен (Беломорская көшесінен Петровский көшесіне дейін).

Алмалы ауданы:

- Досмұхамедов (Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейін);

- Розыбақиев (Дүйсенов көшесінен Райымбек даңғылына дейін);

- Түркебаев (Дүйсенов көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін);

- Шагабутдинов (Қабанбай батыр көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін және Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін).

Бостандық ауданы:

- Науаи (№o 312 және 310-А тұрғын үйлердің аулалары)

- Розыбақиев (Березовский көшесінен Қожанов көшесіне дейін және Байқадамов көшесінен Березовский көшесіне дейін);

- Экспериментальной (Нұр-Мүбарак университетінен Қожанов көшесіне дейін).

Медеу ауданы:

- Кармысов (Бөгенбай батыр көшесінен Шевцова көшесіне дейін);

- Ш.Уалиханов (Әлімжанов көшесінен М.Маметова көшесіне дейін).

Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарды ыстық сумен жабдықтау уақытша схемалар арқылы сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT