+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматыда жылу беру маусымы басталды

2020 жылғы 28 қыркүйек 15:04
Бөлісіңіз:
Алматыда жылу беру маусымы  басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың айтуынша, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады.

Қалада барлығы білім беретін – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT