Алматыда жыл басынан бері 17 Toyota Camry көлігі ұрланған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Toyota Camry көлігінің иелері ұрлық туралы шағымданды. Жыл басынан бері 17 көлік қолды болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Toyota Camry иелері арнайы бейнеролик жазып, үндеу жариялады.

«Көлік иелеріне айтарымыз – жақсы GPS құралын орнатыңыздар. Тұтас қылмыстық топ жұмыс жасап жатыр. Ішкі істер министрлігі арнайы шара қабылдайды деп үміттенеміз», - деп жазды ұрланған мүлік иелері.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қыркүйек айынан бері 5 Toyota Camry иесі көлігі ұрланғанын айтып, шағым түсірген.

«17 желтоқсанда Алматы тұрғыны Toyota Camry 70 көлігін біреу айдап кеткенін хабарлады. Көлік иесі мүлікті әйелінің атына жаздырған. Кешке үйге қонаққа келген ер адамның танысы үй иесінің сыртта тұрған көлігін мініп, Жамбыл облысы жаққа шығып кеткен. GPS сигналының арқасында оның қайда кеткенін табу оңай болды», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне сапалы GPS құралын орнатуға кеңес берді.

«Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін. 11 көлік табылып, иелеріне қайтарылды. Олардың басым көпшілігінде GPS дабыл болды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Фото: s.auto.drom.ru

Соңғы жаңалықтар