Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 млрд-тан астам теңге бөлінді, оның 14 млрд теңгесі жұмсалды.

Мұндай мәліметті Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, жыл басынан бері 132 мың алматылық әлеуметтік қолдау алған. Көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілді. Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер аталған қолдауға ие болды.

Сонымен қатар, ол «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 13,8 млрд теңге бөлінгенін, бұл қаражат 24 мыңнан астам адамға көмектесетінін айтты.

«Осы жылдың 7 айында Жұмыспен қамту орталығына 27 мың адам жүгінген. 19 700 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша белсенді шараларға тартылды, 17 900 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінде мегаполистің 8 700 тұрғыны бар, тағы 9 200 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 1 100 адам қазір әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 500 үміткер жастар практикасына жіберілді. Білім беру ұйымдарының тағы 800 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 6 600 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар