Алматыда жыл басынан 712 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері 712 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Калалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар айынан бастап қалада 4 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 10 жобаны іске қосу жоспарда, оның 8-і индустриялық аймақта болады.

«Биыл құрылыс саласы пандемияға қарамастан өз жұмысын тоқтатпай қарқынды түрде жұмыс істеген. Сонымен қатар өндіріс саласы 9 айда 712,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Өсім - 3,2%. Оның ішінде фармация мен автокөлік құрау саласы қарқынды өскен. Фармацияның көрсеткіші 158%-ға дейін ұлғайған. Сауда саласының көрсеткіші көктемнен бері төмендегенімен қазір қайта күш алып келеді», - дейді Еркебұлан Оразалин.

«Бизнесті дамыту» бағдарламасына биыл 7,89 млрд теңге қарастырылған болса, оның 6 млрд-қа жуығы нақты жобаларға бағытталып, өз иелерін тапқан.


Соңғы жаңалықтар