Алматыда жыл басынан 390 адам суицидке барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында 10 575 адам есепте тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков айтты.

Оның ішінде 363 адам стационарлық жағдайда ем алып жатыр,

2018 жылдың қаңтарынан бері 390 адам суицид жасамақ болды, 37 оқиға өліммен аяқталды. 

«Психологиялық асқынуларға маусымдық факторлар да ықпал етеді. Әлеуметтік желіде тараған көшедегі жалаңаш адамдардың видеосына келсек, олардың барлығында психологиялық ауытқу бар деп айтуға болмайды. Бұл уақыт ағымымен, адамдардың өздеріне назар аудартқысы келуімен байланысты дер едім. Қоғамдық орындарда жүріс-тұрысы ақылға қонымсыз, өзіңізге және айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін адамдарды кезіктірген жағдайда құқық қорғау органдарын және мамандандырылған көмек бригадаларын шақыру қажет», - деді Нұржан Исабеков.

Сонымен қатар, маман психологиялық ауытқулар жас ерекшелігіне байланысты екенін атап өтті.

«Ауытқудың асқынуына бірінші кезекте күйзеліс әсер етеді», - деді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар