+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда жүрген шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған

2020 жылғы 22 мамыр 19:40
Бөлісіңіз:
Алматыда жүрген шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47 миллионнан астам айыппұл салынды. Төрт ай ішінде шетелдіктер жасаған 117 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған», – деді Қанат Таймерденов.

Бұған дейін, департамент басшысы Алматыда тұрғын үй аулаларындағы тәртіпті қаладағы патруль қызметкерлерінің тең жартысы қадағалайтынын айтқан болатын.

Сондай-ақ жыл соңына дейін мегополисте «Сергек» бейнебақылау камераларының тағы 380-і орнатылатыны хабарланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT