Алматыда жұмысын бастайтын кәсіпорындарға қойылатын талап күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Карантин кезінде кәсіпорындар бекітілген қаулыға сәкес жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева брифинг барысында айтты.

«Департамент карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелерде санитариялық нормалардың сақталуы жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Осыған орай Алматы әкімдігінде жұмыс тобы құрылды. Алдымен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуге өтініш берген мекеменің дайындығын тексереді. Тек содан кейін ғана рұқсат беріледі. Мониторинг тобы олардың кейінгі жұмыс барысын да бақылап отырады, – дейді Наталья Дягилева.

Сонымен қатар, ол осы қаулыға сәйкес карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелерге қойылатын талаптар да күшейтілгенін айтты.

«Кәсіпорын жұмысшыларды кіргізбес бұрын тексеріп, дене температураларын өлшейді. Оның барлығын арнайы журналға тіркеп отырады. Егер қызметкерлерден жөтел, температура, ентігу сияқты ЖРВИ мен тұмаудың белгілері байқалса, олар жұмысқа да, үйлеріне де жіберілмейді. Бірден жедел жәрдем шақырылады, – деді Дягилева.

Еске салайық, 20 сәуірден бастап Алматыда бірқатар кәсіпорындар жұмыстарын бастайды.


Соңғы жаңалықтар