Алматыда жүк көлігін өткізіп жібермек болған екі машина соқтығысып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жүк көлігін даңғылға шығару үшін жол бермек болған кезде екі машина соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Т.Рысқұлов даңғылының бойында І.Жансүгіров және Ә.Бөкейханов көшелерінің арасында батыс бағытқа қарай қоймалар маңында болған.

null Төбесіне дейін жүк тиелген жүк көлігі Т.Рысқұлов даңғылына бұрылып шықпақ болады. Жүк тиеушілердің бірі жолда кетіп бара жатқан жүргізушілерден тоқтап, жүк көлігін өткізіп жіберуін сұраған.

null Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, 1-ші және 2-ші жолақтағы көліктер тоқтаған. Honda Odyssey үшінші қатармен келе жатып, бірден тежегішті басады. Оның артында келе жатқан Лада көлігі аялдамастан, қатты жылдамдықпен келіп Хондаға соғылады.

Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Оның үшеуі Honda және біреуі «Ладаның» жолаушысы. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Полиция апатқа кінәліні анықтап жатыр.  

Соңғы жаңалықтар