Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қыз баланы қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаның 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде тіркелгенін мәлім етті.

«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», - деп атап өтті полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар