Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік апаты Алатау ауданында түнгі сағат 23:57 шамасында болғанын хабарлады.

«Toyota Avensis» автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып Монке би көшесінде қарсы жолаққа шығып кетіп, «Mercedes Benz 815» көлігімен соқтығысты. Салдарынан «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды»,- деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды


Соңғы жаңалықтар