Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазір ЖРВИ мен тұмау тарайтын кезең, соған байланысты қалада сырқаттанушылар көбейді. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өткен аптада 12 мыңнан астам адам тұмаумен тіркелді. Ал, ЖРВИ-дің таралуы өткен апталармен салыстырғанда 3,7 есе артқан. Ауырғандардың 60 пайыздан астамы балалар.

«1 қазаннан бері ЖРВИ-дің 86 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылға қарағанда 3,6 есе жоғары. Қазір күн сайын зертханада тұмау вирусының айналымына бақылау жүргізіліп отыр. Бүгінгі күні тұмаудың А, HN2 түрінің 25 жағдайы анықталды. Сондай-ақ маусым басалғалы ЖРВИ-дің өзге түрлері де кездесті. Вирустың алдын алудың басты жолы халыққа вакцина салу»,-деді спикер.

Биыл Алматы әкімдігімен тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы жеткізілді. 15 қыркүйектен бері бюджет есебінен 128 мыңнан астам адам вакцина алған, ал 3,5 мың адам ақылы түрде салдырған. Сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан 5 мыңдай адам вакцина салдырған.


Соңғы жаңалықтар