Алматыда Жомарт Ертаевтың соты басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Жомарт Ертаевтың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот Роман Селицкийдің төрағалығымен Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Сот залында 37 сотталушы отыр. Алдын ала тыңдауда айыпталушылардың өтініші қаралады.

Алдын ала тыңдауды тағайындау туралы шешімде сот отырысына прокурор, қорғаушылар, сотталушылар және жәбірленушінің өкілі шақырылуы керек делінген.

Сотталушылар Б. Ибрагим, А.А Садықова, Н.М Жұмабаева, Д, Б Едигенева, Ж.Ж.Ертаев, А.М Игильман, А.Б Кұсаинова, Д.С Туғанбай, Р.М Батырбаеваны қамауға алу өзгеріссіз қалдырылып, 2020 жылдың 28 мамырына дейін созылады.

Ал, қалған сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесі алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша шешіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған болатын. ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.

Ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражатты алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен.

Жомарт Ертаевпен бірге 54 адам күдікке ілінді, оның 41-і - банктің топ-менеджерлері және қатардағы қызметкерлер.

Соңғы жаңалықтар