+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады

2021 жылғы 27 қыркүйек 09:15
Бөлісіңіз:
Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар ПИK-тен МИБ-ке ауысудың қиындығына шағымданды Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаны сақтау талаптары қандай Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болады

Құқықбұзушылықтың видеосы Instagram әлеуметтік желіде тараған.

Алматы қалалық Полиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.

«К. Жәнібек көшесінің бойымен жүрген «Toyota camry» көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. Ол- 2002 жылы туған Нұрболат есімді азамат. Оның Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 230 -бабының екінші бөлігінде, 601 – бабының екінші бөлігінде, 595 -бабының бірінші бөлігінде және 596 -бабының үшінші бөлігінде көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сот қарауына жіберіледі», - деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар, полиция өкілі жол жүру ережесін бұзғандар жазасыз қалмайтынын еске салды.

«Жол жүру ережесін өрескел бұзған Нұрболат көпшілік алдында кешірім сұрады. Бірақ, бұл заң алдындағы жауапкершіліктен босатады деген сөз емес», - деп атап өтті спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT