Алматыда жолды сапасыз салған компаниялар лицензиясынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық жол салушы мердігер компаниялар лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, Наурызбай ауданында күре жолдарды сапасыз салған «Есік Жолдары» ЖШС мен «АлматыДорСтрой» ЖШС лицензиясынан айырылды.

«Тексеру нәтижелері жұмыстардың жобалық шешімге сай болмағанын және құрылыс нормалары мен ережелерінің жиі бұзылғанын көрсетті. Біздің тараптан мердігер ұйымдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды және материалдар сотқа жіберілді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты біздің талабымызды қанағаттандырып, мердігерлерді құрылыс жүргізу жөніндегі лицензияcынан айырды»,- делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, екі компания да құрылыс нарығындағы ірі жол салушылар және Алматыда бірнеше жылдан бері жол салып келеді.

Сонымен қатар, Алматы көшесінің бойында жол құрылысын жүргізген «ДСУ-13» компанияға қатысты материалдар сотқа жіберілді.


Соңғы жаңалықтар