Алматыда жолдар мен тротуарлар қанша рет жуылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі тротуарлар мен жолдарды күніне неше рет дезинфекциялық өңдеуден өткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-брифинг барысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Диас Ахметқалиев айтып өткендей, жолдар мен тротуарлар күніне 2 рет жуылатын болады.

«Тротуарлар мен жолдар күніне 2 рет өңделеді. Зарарсыздандыру құралдары адам ағзасы үшін қауіпсіз. Барлық жұмыскерлер маска, көзілдірік, қолғап сияқты құралдармен қамтылған. Көшелерді тазалауға 8 бригада белгіленді. Әр бригадада – 3 адамнан. Қазір бұл бригадалар қоқыс жәшіктерін өңдеумен айналысып жатыр», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада көшет отырғызу жұмыстары кейінге шегерілді.

«Жаппай ағаш отырғызу жұмыстары тоқтатылды. Ал ағаштарды маусымдық зиянкестерден қорғау жұмыстары сәуірдің соңында басталады», - деді Д.Ахметқалиев.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.


Соңғы жаңалықтар